Water

050001

адрес: пл. Республики, 4,

телефон доверия и приемной:

8 (727) 262 16 13

email: u.prirp@almaty.gov.kz

PHP Module

Қоғамдық тыңдаулар

Қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ, ЕІА, (ағыл. Environmental Impact Assessment) – қоршаған ортаға әсерді бағалау бойынша Халықаралық ассоциациясының термині (IAIA, International Association for Impact Assessment). Жоспарланған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған орта мен халықтың денсаулығы жағдайына барлық ықтимал түрлерінің жалпы сипатын анықтауға арналған.

"Қоғамдық тыңдауларды өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 135-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қоғамдық тыңдауларды өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 135-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4687 болып тіркелген, 2007 жылғы 15 маусымдағы № 90 (1293) «Заң газетінде» жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларын бекіту туралы";

бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Қоғамдық тыңдауларды өткізудің қоса берілген қағидалары бекітілсін.";

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық тыңдауларды өткізу ережесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жасылсын.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Қ. Бозымбаев

Толығырақ Word форматында

Addresses Ту National Emblem Anthem Əкімнің алғысөзі Ресми сайт Ресми сайт Ресми сайт